Жыл басынан бері елордада 19 автокөлік өртенді: ТЖД жүргізушілерге ескерту жасады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл астана аумағында 19 автокөлік өртенді. Өрттің шығуының негізгі себебі электр сымдарының қысқа тұйықталуы, көліктерді отпен қыздыру (факелдармен, лампалармен).

Жыл басынан бері елордада 19 автокөлік өртенді: ТЖД жүргізушілерге ескерту жасады

Бұл туралы ҚазАқпарат қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалыптасқан жағдайға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері көлікті жылытудың қауіпсіз ережелерін еске салды:

1) Автомобильді дәнекерлеу лампасы және газбен жанатын құралдармен, басқаша айтқанда ашық отты пайдалану қауіпті;

2) Автокөлікті жылытуға арналмаған заттарды пайдаланбаңыз;

3) Қызуына шетінен кұшейте отырып, көлікті, көлікті бірнеше кезеңде қыздырыңыз;

4) Егер сіз 3-4 әрекеттен кейін қозғалтқышты іске қоса алмасаңыз, аздап үзіліс жасаңыз, содан кейін әрекетіңізді тағы бір рет қайталаңыз;

5) Егер қозғалтқышты өз бетіңізше іске қосу мүмкін болмаса, мамандарға хабарласыңыз;

6) Қозғалтқышты ескі сыртқы киіммен немесе көрпемен жабуға болмайды - ол жануы мүмкін. Жылуды сақтау үшін арнайы материалды пайдалану керек;

7) Көліктің майы қатып қалмау үшін автоматты оталдыратын құрылғыларды пайдаланыңыз;

8) Егер сіз бензинді үнемдегіңіз келсе, аяз кезінде көлікті арнайы тұраққа қойыңыз немесе қозғалтқышты жылыту үшін сертификатталған, жанбайтын материалды пайдаланыңыз.

9) Жылыту үшін автомобильге қолдан жасалған электр жабдығын орнатпаңыз;

10) іске қосылған электр жылытқыштарын машинада қараусыз қалдырмаңыз, одан өрт шығуы мүмкін.