Жыл басынан бері елордада энтеровирустық инфекцияның 600-ге жуық жағдайы тіркелді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биылғы бес айда Астана қаласы бойынша энтеровирустық инфекцияның 569 жағдайы тіркелді. Бұл туралы елорданың бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
100 мың тұрғынға шаққандағы сырқаттанушылық көрсеткіші – 42,4, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 1,8 есе немесе 46%-ға жоғары (2022 жылы – 283 жағдай, көрсеткіш – 22,9).
Ең көп сырқаттанушылық 1 жастан 4 жасқа дейінгі балалар арасында – 67,4% (116 жағдай) және 1 жасқа дейінгі балалар – 21,2% (116 жағдай), 5 жастан 14 жасқа дейінгі балалардың үлесі – 8,7% (49 жағдай ), ал 14 жастан асқандар -2,7 % (15 жағдай).
Кәсіби құрамы бойынша ұйымдастырылмаған балалардың үлес салмағы басым – 66% (375 жағдай), ұйымдасқан балалар – 20,3% (116 жағдай), оқушылар – 4,7% (27 жағдай).
Жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында санэпидбақылау департаменті ауыз судың сапасын бақылауды қамтамасыз етеді және ашық су айдындарында, фонтандарда қоршаған ортаға мониторинг жүргізеді. Зертханалық зерттеулердің нәтижелері бойынша оң нәтижелер табылған жоқ.
Энтеровирус адам ағзасына ас қорыту жолдары мен жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабаты арқылы енетін ішек инфекцияларын тудыратын ауру тобына жатады. Қанға енген кезде энтеровирус әртүрлі мүшелерге әсер етуі мүмкін. Ауру температураның көтерілуімен, қолдар мен аяқтардың терісінде, алақандарда, аяқтарда бөртпелердің пайда болуымен, аяқ-қолдардың ісінуімен, ауыз қуысында жаралардың пайда болуымен сипатталады, көптеген жағдайларда қызба, бас ауруы, іш аймағындағы ауырсыну, жүрек айну және құсу болады. Инфекция менингит, энцефалит, өкпе ісінуі және паралич сияқты асқынуларды тудыруы мүмкін. Ауыр түрінде энтеровирус өлімге әкелуі ықтимал.
Вирус су, көкөністер, жемістер, тамақ өнімдері, лас қолдар арқылы таралады. Инфекция көбінесе су қоймаларында және бассейндерде шомылу, қайнатылмаған сапасыз суды пайдалану кезінде пайда болады. Кейбір жағдайларда адамдар көп жиналған кезде ауа тамшылары арқылы да берілуі мүмкін.
Қазіргі уақытта энтеровирустық инфекцияларға қарсы айтарлықтай ем-шаралар жоқ, емдеу симптоматикалық болып табылады. Алдын алудың негізгі жолдары қарапайым, бірақ өте тиімді:
- тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін, үйге оралғаннан кейін (қонақүйге және т.б.), балалармен ойнауды және оларға күтім жасауды бастамас бұрын қолды сабынмен жуу
- тек сапалы тағамдарды қолданыңыз, өйткені бактериялар мен вирустар көптеген тағамдарда қабілетті өміршең болып қана қоймай, белсенді түрде көбейеді. Қолданар алдында термиялық өңдеуден өтпейтін өнімдер сенімсіз.
- Есіңізде болсын, кездейсоқ су көздерінен су ішу немесе ластанған және осы мақсаттарға арналмаған тоғандарда шомылу Сіздің денсаулығыңыз үшін қауіпті. Судың сапасыздығына кішкене күдік туындаса, онда тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суда тұтыныңыз.