Жыл басынан бері иттерін тұмылдырықсыз серуенге шығарған 1300-ден астам елордалыққа айыппұл салынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мәслихатының депутаттары құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бойынша тұрақты комиссияның отырысында үй жануарларын қала аумағында ұстау ережелерін талқылады.
None
None

Астана қаласы Ауылшаруашылық басқармасының басшысы Әсет Құрманғалиев халық қалаулыларын үй жануарларын Астана қаласында ұстау бойынша ведомствода бекітілген ережелермен таныстырды.

- Жыл басынан бері үй жануарларын ұстау ережелерін бұзғаны үшін 1329 адам әкімшілік жазаға тартылып, жалпы сомасы 700 мың теңге көлемінде айыппұл төледі. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, негізінен иттерді тұмылдырықсыз сыртқа шығару секілді бұзушылықтар көптеп тіркелуде. Иелерінің жануарларға дұрыс қарамауы салдарынан қалада қараусыз қалған үй жануарлары көбеюде, - деді. Ә. Құрманғалиев.

Оның айтуынша, Астанада үй жануарларын шығаруға, серуендетуге лайықталған арнайы орын жоқ. Халық қалаулылары осы сұрақтарды тұрғындармен, ПИК мүшелерімен, елордалық кинология қызметтерімен бірлесе отырып шешуге ұсыныс жасады.

Қалалық мәслихаттың хатшысы Сансызбай Есілов үй жануарлары иелерінен тазалық сақтауды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды талап ету керектігін баса айтты.

Соңғы жаңалықтар