Жыл басынан бері Қазақстан халқы 80 мың адамға артты
АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстан халқы 80 мың адамға артты. Бұл туралы бүгін брифинг барысында ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.
Оның атап өтуінше, ағымдағы жылдың басынан бергі уақытта Қазақстан халқы 81,6 мың адамға өсім көрсеткен. Егер де өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырсақ, өсім 6,5 пайызды құрайды. Жалпы 1 мамырдағы деректерге сәйкес ел халқының саны 16 757 мыңға жетті.
Халықтың табиғи өсімі 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде 77,12 мыңды құрады. Осы кезеңде 126,4 мың сәби дүниеге есігін ашты. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,8 пайызға артық.