Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны шамамен 60 мыңға өсті

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Ағымдағы деректер бойынша, 2012 жылғы 1 ақпанда Қазақстан халқының саны 16 737,5 мың адамды құрады.

Жыл басынан бері Қазақстан халқының саны шамамен 60 мыңға өсті

Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Оның ішінде қала халқы - 9 млн. 150 мың (54,7 пайызы), ал ауылдық жерлерде - 7 млн. 583 мың адамды құрады. 2012 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 59,1 мың адамға немесе 0,4 пайызға өсті», - деді төраға.

Оның айтуынша, елдің табиғи өсімі 55,4 мың адамды құрады. 2011 жылы бұл көрсеткіш 51,5 мыңды құраған болатын.