Жыл басынан бері Қазақстанда 12 мыңнан астам адамды пойыз басып кете жаздады - Көліктегі ІІД

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бері көлік полицейлері темір жолдарды белгіленбеген орындардан кесіп өтуге қатысты 12 493 азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартты, деп хабарлады Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.
None
None

«Мәселен, 20 маусым күні Шымкент ст. Ішкі істер желілік басқармасына Манкент станциясындағы Желілік полиция бөлімі кезекші бөлімінен ОҚО Сайрам ауданының 16 жастағы тұрғынын маневрлік пойыз басып кеткені жөнінде хабарлама келіп түсті. Қайғылы жағдай зардап шеккен адамның «қауіпсіздік ережелерін сақтамау» салғырттығынан орын алған. Оқиға орнын қарау барысында жасөспірімнің алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмғаны анықталды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 344 бабының 2 тармағы (Темiржол көлiгi жүрісі немесе оларды пайдалану қауiпсiздiгi қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар