Жыл басынан бері Қазақстанда әуе көлігімен бір миллионнан астам жолаушы тасымалданды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының авиациялық тасымал саласындағы жолаушылар ағынының өсімі артып келеді. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарайды.

Жыл басынан бері Қазақстанда әуе көлігімен бір миллионнан астам жолаушы тасымалданды

«Биылғы қаңтар-ақпан айларында әуе тасымалы жолаушыларының саны 1 090,3 мыңға жетті, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (911,0 мың адам) 20%-ға артық» делінген хабарламада.

Айта кетейік, өткен жылы әуе көлігімен 7,4 миллион жолаушы тасымалданды. 2017 жылғы жолаушылар ағынының өсу қарқыны 23%-ды құрап, соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Транзиттік жолаушылар тасымалы 30%-ға, жүк тасымалы 24%-ға артқан.

Фото: сnewstracker.ru