Жыл басынан бері Қазақстанда ЖКО салдарынан 1,8 мың адам көз жұмды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2014 жылғы 3 қазандағы жағдай бойынша 14 434 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Ал өткен жылдың сәйкес мерзімінде жолдарда 16 920 оқиға тіркелген болатын.
«Тіркелген жол-көлік оқиғалары 14,7 пайызға төмендеген. Аталған келеңсіз жағдайларда 20 190 адам зардап шекті, оның ішінде 3 645-і кәмелетке толмағандар»,-делінген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.
ЖКО салдарынан 1 822 (өткен жылы - 2 178) адам қаза тапты және 18 368 (былтыр -21 829) адам жарақат алды.