Жыл басынан бері Қазақстандағы инфляция деңгейі 2 пайызды құрады

АСТАНА. Сәуірдің 1-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Статистика агенттігінің дерегінше, жыл басынан бері Қазақстандағы инфляция деңгейі 2 пайызды құрады.

Жыл басынан бері  Қазақстандағы инфляция деңгейі 2 пайызды құрады
Наурыз айында инфляция деңгейі 0,8 пайызға өскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Өткен айда азық-түлік тауарларының нарығында ет өнімдерінің бағасы - 0,5 пайызға, балық пен теңіз өнімдері ? 1,1, жеміс-жидектер мен көкөністер ? 2,1, алкогольсіз сусындар ? 3,8, қант ? 4,4 пайызға қымбаттады. Сұйық майдың бағасы ? 5,1 пайызға, жұмыртқа ? 4,4 ұн ? 1,6, сүт ? 1,1, жарма ? 0,4, нан ? 0,1 пайызға арзандады, делінген Статитика агенттігінің бүгінгі таратқан хабарламасында. Ал, жуғыш және тазалағыш құралдардың бағасы 8,6 пайызға, жеке тазалыққа арналған тауарлар ? 6,3, медициналық препараттар ? 3,2, ыдыс-аяқтар, кітаптар мен газеттердің әрқайсысы ? 1,6, жиһаз ? 1,2 , тұрмыстық тоқыма бұйымдары ? 1,1, киім-кешектер мен аяқ-киімдер ? 1 пайызға қымбаттаған. Бензин ? 0,6, дизель отыны ? 1,6 пайызға арзандаған. Мейрамханалар мен қонақүйлердің қызмет көрсету бағалары 1,7 пайызға, көлік ? 1,4, шаштараз ? 1,3, денсаулық сақтау мен мектепке дейінгі білім бағалары ? 1 пайызға өскен. Тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтері 1 пайызға төмендеген.