Жыл басынан бері қазақстандықтарға 490,2 млрд. теңге көлемінде зейнетақы төленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері қазақстандықтарға 490,2 млрд. теңге көлемінде зейнетақы төленді, деп хабарлайды ҚР ДСӘДМ баспасөз қызметінен.

Жыл басынан бері қазақстандықтарға 490,2 млрд. теңге көлемінде зейнетақы төленді

2015 жылғы қаңтар-мамыр айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеу үшін 110,1 млрд. теңге, ортақ зейнетақы төлеуге 380,1 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша базалық зейнетақы төлемдерін алушылар саны 1 млн. 971,8 мың адамды құраса, ортақ зейнетақы төлемдерін 1 млн. 938 мың адам алады. Қазіргі уақытта базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері 11 182 теңге, ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 50 641 теңгені (базалық зейнетақы төлемдерін есептегенде) құрайды.