Жыл басынан бері қазынаға 13,5 трлн теңге салық түсті
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдың 11 айында мемлекетке 13,5 трлн теңге салық түсті. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Биыл салық түсімі бойынша жылды жақсы көрсеткішпен аяқтап жатырмыз. 2022 жылы 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекет қазынасына 13,5 трлн теңге салық түсті. Жоспар 103,1 пайызға орындалып отыр, яғни былтырмен салыстырғанда 1,4 есе артық. Нақты айтқанда, былтырға қарағанда 3,8 трлн теңге салық артығымен түсіп отыр», - деді деді Данияр Жанәлінов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Бұған дейін кірістер комитеті басшысы Қазақстанда тұрғын үйді заңды түрде жалға беретіндерге қатысты есеп келтірген еді.
Одан бөлек, кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов 39 мың мемлекеттік қызметшінің кірісі мен жеке мүлкі туралы ақпаратты жасырғысы келгенін айтты.