Жыл басынан бері көші-қон заңын бұзған 5 мың шетелдік республика аумағынан шығарылды - апталық брифинг

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жыл басынан бері еліміздің көші-қон туралы заңын бұзған 46 мың шетел азаматы әкімшілік жауапқа тартылып, 5 мың адам республика аумағынан шығарылды.
None
None
Бұл туралы бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның айтуынша, заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша 9 қылмыстық іс қозғалып, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту әрекетінің 612 оқиғасы анықталған. Ал шетел азаматтарының қатысуымен 833 қылмыс жасалған. «Олар негізінен ұрлық және есірткі саудалау сияқты әрекеттермен байланысты болып отыр. Мұндай қылмыстарға негізінен ТМД мемлекеттерінен келген азаматтар бейім», деді департамент бастығы.
Соңғы жаңалықтар