Жыл басынан бері LRT-ны салуға 25 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл «Астана LRT» жобасының құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражаттың жартысына жуығы игерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері LRT-ны салуға 25 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсалды

«Ағымдағы жылы жоба құрылысына 52,4 млрд теңге бөлінді. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың 24,8 млрд теңгесі игерілді», - делінген ҚазАқпарат тілшінің сауалына берілген елорда әкімдігінің жауабында.

Құзырлы орган атап өткендей, келісімшарт бойынша жобаның жалпы құны 1 888 млн доллар.

Соңғы 12 жыл ішінде бөлінген қаражаттың қайда жұмсалғаны туралы сұраққа әкімдік оның бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемесіне сәйкес, LRT жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларға бағытталғанын хабарлады.

Бұған дейін LRT пойыздарының аялдамасы қай жерлерде орналасатынын жазып едік.

Сондай-ақ, LRT пойыздарын қандай зауыт құрастыратыны белгілі болды.