Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «жедел желі» телефонына мыңнан астам хабарлама түсті

ШЫМКЕНТ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Үстіміздегі жылдың 8 айында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «жедел желі» телефонына 1293 хабарлама түсті.

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «жедел желі» телефонына мыңнан астам хабарлама түсті

«Олардың ішінде 839 хабарлама тіркелді. 454 хабарлама бойынша басқармалар мен департаменттердің басшылары ауызша түсіндірме берді», - деді ОҚО әкімі аппаратының құжаттық қамтамасыз ету басқармасының бөлім бастығы Нұрлан Шарафиев.

Ең белсенділер - Шымкент қаласының тұрғындары, олардан 785 хабарлама түсті. «Хабарламаларда аталған арыз-шағымдардың арасында жаңа проблемалар жоқ, олар негізінен тұрғындарды әлеуметтік қолдау, коммуналдық қызметтердің сапасы, тарифтерді реттеу тақырыптарына арналған», - деп атап өтті Н.Шарафиев. Оның айтуынша, тіркелген 839 арыз бойынша 461-інің мәселесі шешілді. «хабарламалардың арасында тек арыз-шағымдар ғана емес, алғыс айтудың фактілері де көптеп саналады. Мәселен, жуырда жол мен жаяу жүргіншілер соқпақтарын жөндегеніміз үшін алғыс айтылды», - дейді Н.Шарафиев. Жалпы жыл басынан бері «жедел желі» телефонына 79 алғыс хабарлама келіп түсті.