17:18, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Жыл басынан бері прокурорлар 150 мың еңбекшінің конституциялық құқықтарын қорғады
АСТАНА. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Жыл басынан бері прокуратура органдары азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау бағытында 1 мыңнан астам ұсыныс пен заңбұзушылықтарды жою жөнінде 450 ұйғарым енгізген.

Сондай-ақ тағы 700-ден астам түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Бұл мәліметтер бүгін журналистермен болған брифинг барысында айтылды.
Ресми өкіл Нұрдәулет Сүйіндіковтың деректеріне қарағанда, айлық жалақыны уақытында төлемеуге байланысты 21 қылмыстық іс қозғалып, 2 мыңға жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылған. Прокурорлық актілердің негізінде 6,5 миллиард теңгенің қарызы өтеліп, 150 мың еңбекшінің конституциялық құқықтары сақталды.