Жыл басынан бері республика соттарына педофилиямен байланысты 87 іс келіп түсті - Жоғарғы сот

ТАНА. 27 қазан. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Жыл басынан бері республика соттарына педофилиямен байланысты 87 іс келіп түсті. Нәтижесінде 36 қылмыскер жазасын алды», - деді бүгін Жоғарғы соттың ресми өкілі Оксана Петерс журналистермен болған брифингте.

Жыл басынан бері республика соттарына педофилиямен байланысты 87 іс келіп түсті - Жоғарғы сот

Ресми өкілдің сөзіне қарағанда, педофилиямен байланысты істердің бірі елордамызда орын алды. Қылмыстық іспен байланысты материалдар бойынша, 19 жастағы Виталий Ш. атты азамат жыл басында Астанаға жұмыс іздеп келіп, туыстарының үйіне тоқтайды. Біршама уақыт жұмыс іздеп, таппаған ол ақырында өзінің ағасының 8 жасар баласын бағуға келіседі. Ал ақпан айында ол ағасы мен жеңгесінің үйінде жоқтығын пайдаланып, 8 жасар баланы зорлайды.

«Сот барысында келтірілген сараптама материалдары жәбірленушінің денсаулығына нұқсан келгендігін растайды. Сот сонымен қатар қылмыскердің 8 жасар баланың көмек сұрай алмайтындығын және оған қарсы жасалып жатқан әрекеттің мән-мағынасын түсінбейтіндігін пайдаланғандығын атап өтті. Осы оқиға бойынша жүргізілген сот үдерісі барысында дәлелдер зерттеліп, куәгерлер мен сотталушының дәйектері сарапталып, Виталий Ш. нәпсіқұмарлық сипатта күш қолданды деген айыппен 15 жылға бас бостандығынан айырылды», -деді ресми өкіл.