Жыл басынан бері республикада орын алған 7108 жол-көлік оқиғасында 1653 адам көз жұмды - Жол полициясы комитеті

ҚР Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінен мәлім еткендей, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 7571 жол оқиғасы тіркелді. Жолдағы оқиғалардың саны 5,4 пайызға, адамдардың өлімі - 3,6 және жарақат алғандар - 6,9 пайызға азайды.
Балалардың қатысуымен болған 1173 жол-көлік оқиғасында 129 бала ажал құшты, 1152-сі түрлі жарақаттар алды. 2009 жылдың аталмыш кезеңіндегі көрсеткіштерге қарағанда биыл ЖКО 5,9 пайызға, жарақаттанғандар - 7,5 пайызға азайған болса, оқиға салдарынан мерт болған балалардың саны 8,4 пайызға керісінше артты.
Сонымен бірге, аталмыш уақыт аралығында республика жолдарында 1 347 558 жолда жүру ережелерін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде мас күйінде рөлге отырған 46 997 жүргізуші ұсталды.
Соттың үкімімен 35 549 адам жүргізу куәліктерінен айырылды, 6 428-і әкімшілік жуапкершілікке тартылды.
Жіті бақылау ірі мегаполистер - Астана мен Алматы қалаларында орнатылды. Мұнда 368 012 бұзушылық анықталды, оның ішінде 8 796-сы алкогольді ішімдікті пайдаланғаннан кейін рульге отырған.