Жыл басынан бері СҚО-ға 109 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды
«Жалпы, биыл облысқа 496,5 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Экономиканың негізгі салаларында жобалардың пулдары жасалды. 2019 жылдан бері «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеп келеді. Осы уақытқа дейін 11 қатысушы тіркелді», - деді Айдарбек Сапаров орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Одан бөлек, өңір басшысы халықты ауыз сумен қамту мәселесін көтерді.
«Ауыз сумен қамтуға бөлінетін сома – 18 млрд теңге. Жалпы, облыс халқының 93%-ға жуығы таза ауыз сумен қамтамасыз етілген. Оның 86%-ы – ауыл тұрғындары. Қалған 14%-ы – 37,6 мың адам тұратын елдімекендер. Оларды сумен қамтамасыз ету үшін 2026 жылға дейін есептелген кезеңдік жоспар әзірленді. Адам саны аз ауылдарға таза ауыз су жеткізу үшін блок-модульдер орнатамыз», - деді әкім.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, биыл СҚО-да 330 мың гектарға жуық жер мемлекетке қайтарылады.