Жыл басынан бері сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылдың 1-тоқсанында сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жетті. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жетті

«2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында сыртқы сауда тауар айналымы 19,7 млрд долларға жетті. Оның ішінде экспорт 11,5 млрд долларды құрады», - деді Ұлттық экономика министрі Үкімет отырысында.

Осы орайда министр шикізат емес тауарлар экспорты 15 пайызға өсіп, 4 млрд долларға дейін жеткенін атап өтті.

«Тауарлар импорты 8,2 млрд долларды құрады. Оң сауда балансы 3,3 млрд доллардан асып түсті», - деді Әсет Ерғалиев.