Жыл басынан бері тамақтан жаппай уланудан 360 адам зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл жыл басынан бері жаппай тамақтан уланудың 17 оқиғасы тіркелді. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жыл басынан бері тамақтан жаппай уланудан 360 адам зардап шекті

«Осы жылдың 7 айында жаппай тамақтан уланудың 17 оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 363 адам зардап шегіп, соның арасында 140 бала бар. Тамақтан улану жағдайы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе төмен (2022жылғы 7 айында - 26 оқиға). 11 жағдайда уланудың себептері қоғамдық тамақтану объектілерімен, 3 оқиғада балалар ұйымдарымен, ал 3 факт фаст-фуд жеткізу саласымен байланысты болған. Зардап шеккендердің 70 пайызында диагноз зертханалық түрде расталған», - деді А. Есмағамбетова Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұл тұрғыда вице-министр аталған фактілер бойынша тиісті тексеру жүргізілгенін айтты.

Айта кетейік, Айжан Есмағамбетова биыл елімізде қандай аурулар тіркелмегенін айтты.