Жыл басынан бері «Темір баба» кедендік бекетінен 80 мыңнан астам адам өткен

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Қазақстан мен Түркменстанның мемлекеттік шекарасындағы «Темір баба» кедендік бекетінен 82 мың адам өтті. Аталған бекеттің ұзақтығы 320 километрді құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан бері «Темір баба» кедендік бекетінен 80 мыңнан астам адам өткен

«Жеке тұлғаларға келетін болсақ, жыл басынан бері Қазақстанға 41 мың адам кірген, тура осынша көлемдегі адамдар шекарадан сыртқа шыққан. Жүк тасымалына келетін болсақ, 3 мың 943 жүк көлігі кіріп, 3 мың 89 көлік шыққан. Біздің бекетте тауар айналымы аса үлкен емес. Сол себепті мұнда экономикалық қылмыстар саны да аз. Мұнда негізінен әкімшілік материалдарды тіркейміз. Мұндай материалдар саны 37 рет тіркелді. Соңғы рет біз үлкен оқиға ретінде 27 мың 900 долларды декларациядан өткізбей алып бара жатқан Түркменстан азаматшасымен байланысты оқиғаны тіркедік. Аталмыш қаржы 33 жасар әйелдің жүгін тексеру кезінде табылды. Сонымен қатар өткізу бақылау бекетіндегі «танымал» тауарлардың қатарында сигареттер мен қосалқы бөлшектер бар»,-деді «Темір баба» кедендік бекетінің жетекшісі Аблай Қазбаев.

«Темір баба» бекетіне жақын орналасқан елді мекендердің бірі - Жаңаөзен қаласы 175 км аймақта орналасқан.