Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен оған басшылық жасауға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды

АСТАНА. Сәуірдің 26-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен оған басшылық жасауға қатысты 11, қарақшылыққа қатысты 4 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің көшпелі Үкімет сағатында «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтаудың жай-күйі туралы»

Жыл басынан бері ұйымдасқан қылмыстық топ құру мен оған басшылық жасауға қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды

тақырыпта баяндама жасаған ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетов осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қылмыстық жауапкершілікке 16 қылмыс әлемінің беделділері, 14 басшылары және 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысушылары тартылды. Бұндай қылмыскерлерді құрықтау, тексеру барысында үлкен көлемде қару-жарақ пен есірткілер тәркіленді», деді министр.