Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 481 млн. 800 мың теңгенің алкогольдік өнімі алынған

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Ағымдағы жылдың 9 айында қаржы полициясы органдары алкогольдік өнімнің заңсыз айналымы саласында 171 қылмыстық іс қозғады.

Жыл басынан бері заңсыз айналымнан 481 млн. 800 мың теңгенің алкогольдік өнімі алынған

116 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Бұл туралы бүгін журналистерге Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ресми өкілдің атап көрсеткеніндей, алкогольдік өнім заңсыз айналымының негізгі бөлігін спирттік ішімдіктерді сақтау және сату бойынша заңсыз кәсіпкерлік фактілері құрады.

Жылдың басынан алкогольдік ішімдіктерді сатудан түскен заңсыз табыс 116 млн.теңгені құрады. Заңсыз айналымнан 481 млн.800 мың теңгенің алкогольдік өнімі алынды.

«Шығыс-Қазақстан облысында Д. деген азаматша сотқа тапсырылды. Ол арнайы лицензиясыз құны 3 млн. 350 мың теңге сыраны сақтаған және сатқан. Оған қоса, 450 мың теңгенің алкогольдік өнімі тәркіленді.

Қостанай облысында С. деген азаматша қылмыстық жауаптылыққа тартылуда. Ол «Падишах» кафесінде алкогольдік өнімді сақтау және сатумен заңсыз айналысып, 17 млн. 300 мың теңге заңсыз табыс алған», дейді М. Жұманбай.