Жыл басынан елімізде төтенше оқиғалар саны 8,9 пайызға артты - Төтенше жағдайлар министрі

Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко мәлім етті.
«Соңғы 6 жылдың ішінде Қазақстанда орташа есеппен жылсайын шамамен 20 мың төтенше оқиға орын алады. Бұл ретте кей жылдары зардап шеккендер саны 9 мың адамнан асып, қаза тапқандар саны 1700-ге жетеді. Ал материалдық шығын 11 млрд. теңгеге дейін болды», - деді министр.
В.Божконың атап өтуінше, ағымдағы жылы орын алған төтенше оқиғалар саны құрғақшылықтың әрі жазда ауа температурасының жоғары болуы салдарынан арта түскен.
Мемлекеттік комиссия отырысында маусымдық тасқын мен су тасқынына, селге, көшкінге, өртке, жер сілкінісіне қарсы тұру, олардың зардаптар жою мәселелері егжей-тежейлі талқылануда.