Жыл басынан елордада 1 257 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың басынан бері Астанада 1 257 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың 224-і ұсақ бұзақылыққа жатады.

Жыл басынан елордада 1 257 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Астана қаласында абаттандыру ережесін бұзу, инфрақұрылым нысандарын қирату, отырғызылған ағаштарға зиян келтіріру және бүлдіру фактілерін анықтау бойынша іс-шаралар өткізілуде.

ІІД қала әкімдігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірігіп, аталған бағытта бірқатар жұмыстар атқаруда.

Жыл басынан бері 110-нан астам әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ішкі істер департаменті қызметкерлері бұрын жауапкершілікке тартылған тәртіп бұзушыларға қарсы әкімшілік қамауға алуға дейінгі қатаң шаралар қабылдайтын болады. Сондықтан Астана қаласының Ішкі істер департаменті қала тұрғындарын қоғамдық орындарда жоғарыда аталған тәртіптерді қатаң сақтауға шақырады.