Жыл басынан Қазақстан халқы 103 мың адамға өсті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан Қазақстан халқы 103 мың адамға өсті. Бұл туралы бүгін ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

Жыл басынан Қазақстан халқы 103 мың адамға өсті

«2014 жылдың 1 маусымында еліміздегі халық саны 17 млн. 264 мың адамды құрады және жыл басынан бері 103 мың адамға немесе 0,6 пайызға өсті», - деді Ә.Смайылов.

Агенттік басшысының сөзіне қарағанда, 2014 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында АХАТ органдарында дүние есігін ашқан 160 мың сәби тіркелген. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,6 пайызға көп. "О сы кезең аралығында қайтыс болғандар саны 55,8 мың адам. Бұл 2013 жылдың қаңтар-мамырымен салыстырғанда 7,2 пайызға аз", - деді Агенттік төрағасы.