Жыл басынан теңге 0,5 пайызға әлсіреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың басынан бері теңге 0,5 пайызға әлсіреді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық банкі төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жыл басынан теңге 0,5 пайызға әлсіреді

2017 жылғы тамыз-қыркүйекте валюта нарығы девальвациялық  күтулердің өсуі жағдайында құбылмалы болды. Алайда, Ұлттық банктің  операцияларына байланысты ахуал тұрақтанды. Жыл басынан теңгенің  әлсіреуі 0,5 пайыз болды.  Ұлттық банк интервенциясының шетел валютасын сату  нысанындағы көлемі қыркүйекте 69,7  млн долларды  құрады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Оның айтуынша, қыркүйекте халық нетто негізде 264,5 млрд теңгеге тең соммаға  қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың 71 пайызы немесе 188 млрд теңгсіе қолма-қол АҚШ долларын сатып алуға жұмсалған.

«Қыркүйектегі қолма-қол АҚШ долларын сатып алудың қысқаруы демалыстар кезеңінің аяқталуымен байланысты  және халықтың девальвациялық күтулерінің тұрақталуына әсер етті», - деді ол.