Жыл басынан зейнетақы 1,7 трлн теңгеден астам сомаға төленді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Осы жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жыл басынан зейнетақы 1,7 трлн теңгеден астам сомаға төленді

«2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне – 243,3 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 169,4 млрд теңге бөлінді», - делінген ведомство мәліметінде.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша елдегі зейнеткерлер саны – 2 млн 247 мың адам. Ал зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңге болды.