Жыл басында әлеуметтік қызметтерді ұсына отырып баспанамен қамтамасыз ететін мекемелерде тұратындардың саны 32 966 адамды құрады

АСТАНА. Тамыздың 3-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2010 жылдың басында Қазақстанда әлеуметтік қызметтерді ұсына отырып баспанамен қамтамасыз ететін мекемелерде тұратындардың саны 32 966 адамды құрады.

Жыл басында әлеуметтік қызметтерді ұсына отырып баспанамен қамтамасыз ететін мекемелерде тұратындардың саны 32 966 адамды құрады

ҚР Статистика агенттігінің ұсынған мәліметтеріне сәйкес, жыл басында Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызметтерді ұсына отырып баспанамен қамтамасыз ететін 264 мекеме жұмыс істеді. Оның ішінде қарттар мен мүгедектерге арналған - 67 интернат үйі, мүгедек балаларға арналған - 22 интернат үйі сонымен қатар, балаларға арналған жалпы үлгідегі интернат үйлер, отбасы интернат үйлері, балалар қалашықтары, нашақорлар мен маскүнемдерге арналған оңалту орталықтары, панасыздар үшін баспаналар сынды басқа да 175 ұйым бар.

2010 жылдың бас кезіндегі жағдай бойынша, аталмыш ұйымдардың қызметтерін пайдаланып жатқандардың саны 32 966 адамды құрады, оның ішінде әйелдер - 15 159 адам, жасы бойынша зейнеткерлер - 3 513 адам, жалғызбастылар - 1 966 және Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүдегектері - 28 адам.

Оларға 19 831 маман қызмет көрсетті.