Жыл басында зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 1,2 пайызға өскен

АСТАНА. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2009 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша еліміздегі зейнетақы мен жәрдемақы алушылар саны 1,2 пайызға өсті.
None
None
ҚР Статистика агенттігінің ай сайын шығаратын Әлеуметтік-экономикалық дамудың қысқаша қорытындылары жөніндегі журналында осылай көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Агенттік мәліметтеріне қарағанда, ағымдағы жыл басынан бері тағайындалған зейнетақы мөлшері 25,9 пайызға өсіп, 13 мың 418 теңгеге жетіп отыр. Ал осы кезеңде төленген атаулы əлеуметтік көмектің орташа мөлшері 1 мың 450 теңгені құраған. Бұндай атаулы әлеуметтік көмекті республиканың 240 мыңнан астам азаматы алды.
Соңғы жаңалықтар