Жыл басындағы мәліметтер бойынша республикамызда 283 мың 744 заңды тұлғалар тіркелген- Статистика агенттігі

АСТАНА. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат - 2009 жылғы қаңтардың 1-ндегі жағдай бойынша республикамызда 283 мың 744 заңды тұлғалар тіркелген.

Жыл басындағы мәліметтер бойынша республикамызда 283 мың 744 заңды тұлғалар тіркелген-  Статистика агенттігі
Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Статистика агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің ұсынған деректері бойынша, барлық тіркелген заңды тұлғалардың 268 мың 580-інде жұмыс істейтін азаматтардың саны 50-ге дейін болып отыр. Сондай-ақ, тіркелген заңды тұлғалардың бүгінгі таңда нақты қызмет етіп жатқандарының саны 176 мың 717-іні құрайды. Ал осы қызмет етіп жатқан заңды тұлғалардың шағын кәсіпкерлікпен айналысатындары 162 мың 579 болса, оның ішінде 116 мың 138-і - шағын бизнес субъектісі.