Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Жыл сайын 260 мың қазақстандық донор болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның барлық қан орталықтары Дүниежүзілік қан доноры күнін «Мен не істей аламын?». «Қан тапсырыңыз. 

Жыл сайын 260 мың қазақстандық донор болады

Оны қазір тапсырыңыз. Оны жиі тапсырыңыз!» деген ұранмен атап өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында құрметті донорларды құттықтау шарасы өтті.

ҚР ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиеваның сөзіне қарағанда, жыл сайын 260 мыңнан астам адам республиканың қан орталықтарына қан тапсыруға келеді. Соңғы 10 жыл ішінде қан қызметі реформаның үлкен жолдарынан өтіп, қазір Қазақстанның бұл қызметі дамыған елдерден еш қалыспайды. Әрбір облыс орталықтарында сапалы құралдармен жабдықталған заманауи қан орталықтары жұмыс жасайды. Донор қандарын зерттеу толықтай халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Трансфузиялық терапияның инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздігін арттыру үшін лейкофильтрлеу, вирустық инактивация, қан компоненттерін сәулелендірудің жаңа технологиялары енгізілді.

Іс-шара шеңберінде елорданың құрметті донорлары «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісімен, алғыс хаттармен марапатталды және естелік сыйлықтар алды.

ҚР ДСМ Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы республиканың қан қызметін ұйымдастыру-әдістемелік сүйемелдеу үшін 2011 жылдың ақпан айында ҚР Үкіметінің шешімімен құрылды. Қазіргі кезде Орталық Астананың 22 медициналық ұйымын қан және оның компоненттерімен қамтамасыз етеді. Бұл ретте 2016 жылы жалпы алғанда 64 941 доза қан компоненттері берілді. Орталықтың донорларының жалпы саны - 23 410. Күнделікті қан донорлары бойынша көрсеткіш: 80-90 адам, 1 айда - 1800-1900, ал жылына 23 000 - 24 000 адам шамасында.

ДДСҰ ұсынуымен қан донорлығының даму көрсеткіштері 1000 адамға шаққанда - 25, ал Қазақстанда донорлар саны бүгінгі таңда 1000 адамға шаққанда 15-ті құрайды. Ұлттық деңгейде бұл көрсеткіш шамамен жылына 202 мың донорды қамтиды. Сонымен қатар, Астанада 1000 адамға шаққанда 38 көрсеткіш тіркелген.

Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын 14 маусымда әлем бойынша Дүниежүзілік қан доноры күні атап өтіледі. Биылғы жылы жаһандық іс-шара 2017 жылы 14 маусымда Ханойда өтеді.