Жыл сайын әлемде адам саудасының құрбанына айналғандар саны 700 мыңнан 4 миллионға дейін жетіп отыр ? Б.Рахымбеков

АСТАНА. Сәуірдің 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Жыл сайын әлемде 700 мыңнан 4 миллионға дейін ерлер, әйелдер мен балалар адам саудасының құрбандары болып,

Жыл сайын әлемде адам саудасының құрбанына айналғандар саны 700 мыңнан 4 миллионға дейін жетіп отыр ? Б.Рахымбеков
ықтиярсыз құлдықта ұсталады. Бұл туралы бүгін «Адамдар саудасына қарсы әрекет ету: тәжірибе алмасу, стратегиялық тәсілдерді пысықтау және ынтымақтастықты нығайту» тақырыбында өтіп жатқан республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Боран Рахымбеков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конференция барысында Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен ҚР ІІМ Криминалдық полиция комитеті, Қазақстандағы «Күйзеліс орталығының одағы» заңды тұлғалар ұйымы мен «Нұр Отан» ХДП бірлесіп, үстіміздегі жылғы наурыздың 10-20-сы аралығында өткізген «Адамдар саудасының құрбаны болма» атты республикалық акцияның қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ адамдар саудасымен күрес бойынша ұсыныстар пысықталып, адамдар саудасының құрбаны болғандарды қорғау және оның алдын алу іс-шаралары талқыланды. «Сарапшылардың бағалауынша, жыл сайын әлемде 700 мыңнан 4 миллионға дейін ерлер, әйелдер мен балалар сатылады, сатып алынады, күштеп ұсталынады және басқа елдерге жөнелтіліп, ықтиярсыз құлдықты бастан кешіреді. Орталық Азия мемлекеттеріне қарағанда Қазақстанның едәуір жоғары экономикалық жетістіктерге жетуі жыл сайын елге жұмыс іздеп келушілердің санын көбейтіп отыр. Бұл өз кезегінде адамдарды күмәнді жұмыстарға тарту, тасымалдау және адамдар саудасымен айналысатын қылмыстық қоғамдастықтардың да қызығушылығын арттырды. Республика аумағында өткізілген бір ғана акцияның өзінде адам трафигіне қатысты 56 қылмыс пен құқықбұзушылық анықталды», - деді ол. Сарапшылардың пікірінше, адам саудасы, ұйымдасқан қылмыстық топтар үшін қаржылық табыс жағынан есірткі және қару-жарақ саудасынан кейінгі ең тиімді пайда көзі болып табылады.