Жыл сайын әлемде инфекциялық емес аурулардан 38 миллиондай адам қаза табады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Инфаркт, инсульт, диабет, пневмония және қатерлі ісік сияқты аурулардан жыл сайын әлемде 38 миллиондай адам көз жұмады екен. Жарақаттар салдарынан орын алатын қазаларды қоса есептегенде, мұның барлығы барлық кісі өлімінің 70 пайызын құрайды екен. Айта кететін тағы бір мәселе, инфекциялық емес аурулар мен жарақаттардың салдарынан орын алатын кісі өлімінің басым үлесі - 80 пайызға жуығы - төмен және орташа табысты елдерге тиесілі көрінеді. БҰҰ сарапшылары алдағы 10 жылда мұндай кісі өлімдері тағы 17 пайызға артады деп болжап отыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Дүниежүзілік банктің, Дүниежүзілік экономикалық форумның және жетекші үкіметтік емес ұйымдардың қолдауымен сарапшылар топтарының жаһандық желісін құрып отыр. Бұл бастама инфекциялық аурулармен күресу жөніндегі күш-жігерді арттыруға, халықаралық серіктестікті нығайтуға және осы бағытта ел үкіметтеріне көмектесуге арналады.