Жыл сайын аптап ыстық пен суық 5 млн адамның өмірін қиып кетеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жыл сайын әлемде 5 миллионға жуық адам ауа райының тым ыстық немесе суық болуына байланысты көз жұмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Guardian басылымына сілтеме жасап.
Әлемнің ондаған ғалымдары қатысқан зерттеу көрсеткендей, жыл сайын 9,4% өлім ыстық немесе суыққа байланысты болады, бұл 100 000 адамға шаққанда 74 өлімге тең.
Зерттеушілер 2000-2019 жылдар аралығында 43 елдегі өлім-жітім мен ауа-райының деректерін талдап, он жыл ішінде орташа тәуліктік температура 0,26 ° C-қа жоғарылағанын анықтады.
Соңғы жиырма жылдың ішінде адамдар ыстықтан гөрі суықтан көбірек қайтыс болған. Бірақ, енді аптап ыстыққа байланысты өлім көбеюі ықтимал.
Зерттеу жетекшілерінің бірі, профессор Монаш Юминг Гуо бұл үрдіс болашақта климаттың өзгеруіне байланысты жалғасатынын айтты.
«Болашақта суықтан болатын өлім-жітім азая береді, бірақ ыстық салдарынан керісінше көбейетін болады», - дейді Гуо.