Жыл сайын Астанада 50 мыңнан астам астам тұрақты тұрғылықты мекен-жайға тіркеледі
Бұл туралы қала активімен өткен жиын барысында елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.
«Бізде жылсайын 50 мыңнан астам астам тұрақты тұрғылықты мекен-жайға тіркеледі. Сонымен қатар ресми тіркелмейтіндер де бар. Біз жылсайын келушілердің санының өзінен толық 2 мектеп құрамыз», - деді қала басшысы.
Оның атап өтуінше, «Балапан» бағдарламасы аясында 2010 жылы қалада шамамен 50 мектепке дейінгі мекеме пайдалануға берілген. Бұл 11 мыңнан астам жаңа балабақша орны. Толықтай алғанда 2011 жылы түрлі үлгідегі 33 мектепке дейінгі мектеп кезең-кезеңмен пайдалануға берілуде.
Осы орайда 2010 жылы мектептегі орын тапшылығы 18 мыңнан 12 мыңға дейін қысқарған. 2 мектеп пайдалануға беріліп, тағы бір білім беру нысанының құрылысы аяқталған. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасын тыс өткен жылы 1200 балаға арналған №66 мектеп қаланың әкімшілік орталығында ашылған