Жыл сайын Астанада 7 000-нан аса жұмысшы маман дайындалады

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгінгі күні қаладағы техникалық және кәсіптік білім беретін 35 оқу орнын жыл сайын 7000-нан аса жұмысшы маман бітіріп шығады. Астана қаласының ресми сайтының хабарлауынша, бұл туралы Әлеуметтік-мәдени даму тұрақты  комиссиясы төрағасының орынбасары Эльмира Суханбердиева мәлім еткен.

Жыл сайын Астанада 7 000-нан аса жұмысшы маман дайындалады

Оның айтуынша, елордадағы кәсіптік білім берудің сапалылығының көрінісі қаланың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары базаларында дайындалған кадрларға деген жоғары сұраныс болып табылады.