Жыл сайын ауруханаларда 713 мыңнан астам сырқатқа ота жасалады - ҚР ДСМ

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бір жылдың ішінде еліміздегі стационарлар арқылы 2 млн. 700 мыңнан астам адам өтеді.

Жыл сайын ауруханаларда 713 мыңнан астам сырқатқа ота жасалады - ҚР ДСМ

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов айтты.

Денсаулық сақтау жүйесінде кейбір мәліметтердің қорытындысына тоқталған вице-министр, «Бір жылдың ішінде еліміздегі стационарлар арқылы 2 млн. 700 мыңнан астам адам өтеді, яғни бұлар - біздің стационарларда ем қабылдайтындар. Күн сайын бізде стационарда 7 мың 540 адам ем алады»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, жыл сайын ауруханаларда 713 мыңнан астам ауруға ота жасалады екен. «Бұл бір жылда жасалатын оталар. Күн сайын біздің стационарларда 1 850 ота жасалады. Яғни, аптаның демалыс және мереке күндеріне қарамастан операциялар өткізіледі»,-деді Е. Байжүнісов.