Жыл сайын браконьерлер 20 миллионнан астам бәйшешекті кесіп алады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын браконьерлер 22 миллионға жуық бәйшешекті кесіп алады. Соның салдарынан Украинаның Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктердің тіршілігіне қауіп төніп отыр, деп хабарлайды ТСН.
Экологтардың айтуынша, бұл гүлдер көбінесе 8 наурыз мерекесі алдында бәрінен көп зардап шегеді. Атап айтқанда, 7-9 наурыз күндері аралығында бәйшешектердің 90-ға жуық пайызы сатылады.
Бұдан басқа, Киевтің айналасында бәйшешектер мүлдем жойылып кетті. Енді олар Киев, Винниц және Житомир облыстарынан жеткізіледі.