Жыл сайын елімізде аллергиялық дертке шалдыққандар саны 10-20 пайызға өсуде - Алматыдағы конференция

АЛМАТЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Жыл сайын елімізде аллергиялық аурулар 10-20 пайызға өсуде.
None
None

Ауылдық жерлерге қарағанда қала тұрғындары, әсіресе, қаладағы балалар аллергиялық дертке жиірек шалдығуда. Бұл туралы бүгін Алматыда "Демікпе және аллергия" атты Х-шы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас аллергологы Жанат Испаева мәлім етті.

Оның айтуынша, аллергиялық аурулар бала кезден қалыптасады. "Қазіргі шақта біз дерттің өсуін болжай аламыз. Дегенмен бүгінгі күні сырқаттанғандарды бақылау мен емдеу өте өзекті болып отыр", деді ол.

Жанат Испаеваның сөзіне қарағанда, әлеуметтік мәні бар сырқаттардың санын, оның ішіндегі ең қауіпті саналатын қолқа демікпесін төмендетуге бағытталған бағдарлама бойынша жаңа аллергиялық аурулардың классификациялары енгізілуде және оларды диагностикалау мен емдеудің стандарттары жасалуда.

Соңғы жаңалықтар