15:02, 13 Желтоқсан 2016 | GMT +5
Жыл сайын Қазақстанда мамандығы жоқ 21 мың адам жұмысқа орналасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Қазақстанда 21 мың адам мамандықсыз-ақ жұмысқа орналасады. Бұл туралы бүгін ОКҚ өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біз соңғы 3 жылда мектеп бітірген түлектердің үлесін талдап көрдік. Осы аралықта 9 сыныптан кейін түлеген оқушылар саны 220 мың болса, 135 мың түлек мектепте қалады, олар жоғары оқу орындарына түсуге ниеттенеді. 85 мың адам колледждерге 9 сыныптан кейін, 33 мың адам 11 сыныптан кейін барады. Өз кезегінде 21 мың адам жыл сайын мамандықсыз жұмысқа орналасады», - деп атап өтті вице-министр.
Оның мәліметтері бойынша, Қазақстанда 807 колледж бар. Онда 499 мың адам оқып жатыр. Олардың ішінде 98 мың студент - жұмысшы мамандықтары бойынша білім алуда. Бұл шамамен студенттердің тек 20 пайызы. 242 студент мемлекеттік тапсырыспен мамандық алып жатса, ақылы негізде 257 адам оқытылуда.