Жыл сайын Қазақстанға 15 миллиард АҚШ долларына жуық машина жасау өнімдері импортталады

қпанның 19-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Қазақстанға жалпы импортталатын өнімнің 44 пайызға жуығы машина жасау өнімдері. Бұл туралы бүгін Астанада Үдемелі индустриялдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша өткен семинар-кеңесте Индустрия және сауда вице-министрі Нұрбек Раев айтты,

Жыл сайын Қазақстанға 15 миллиард АҚШ долларына жуық машина жасау өнімдері импортталады

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Машина жасау басымдықты сала ретінде енгізіліп отыр. Бүгінде Қазақстанға жалпы импортталатын өнімнің 44 пайызға жуығы машина жасау саласының өнімдері. Қаржылай есептегенде бұл жыл сайын 15 миллиардқа тарта АҚШ доллары сомасын құрайды»,-деді ол.

Оның айтуынша, машина құрылысы саласын дамыту бойынша төрт секторды күшейту қарастырылып отыр. Олар ауыл шаруашылығы машина құрылысы, көліктік, энергетикалық, сондай-ақ мұнай-газ секторындағы машина жасау бағыттары.

«Ауыл шаруашылығы машина жасау бойынша қазіргі кезде Ауыл шаруашылығы министрлігімен тракторлар, комбайндар, егіс техникалары тұрғысында сатып алуды біріктіру үшін, стратегиялық әріптестерді таңдау үшін, жұмыстар жүргізілуде. Сонымен бірге мұндай шаралар басқа да секторларда іске асырылуда», - деді вице-министр.