Жыл сайын Қазақстанға миллионнан астам мигрант келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл сайын Қазақстанға миллионнан астам мигрант келеді. Бұл туралы бүгін Астанада «Халықтың көші-қоны туралы» ҚР Заңы: жүзеге асыру, келешегі және жетілдіру жолдары» атты дөңгелек үстелде мәлім болды.
None
None

Айта кетерлігі, 2016 жылғы 10 маусымда өткен ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар тізімінде көші-қон бақылауының біріктірілген жүйесін жасау жұмыстарын тездетуді тапсырған болатын. Осыған байланысты дөңгелек үстел шеңберінде еңбек миграциясының Астана қаласындағы әлеуметтік тұрақтылыққа әсері және еңбек көші-қоны туралы заңдарға қатысты мәселелер талқыланды.

«Жария» халықаралық орталығы» Қоғамдық қорының көші-қон мәселелері жөніндегі жоба жетекшісі Шавхат Исмаиловтың айтуынша, қазіргі таңда Қазақстандағы әсіресе еңбек көші-қоны мәселесін бақылау мен есепке алуды күшейту керек. «Жыл сайын Қазақстанға миллионнан астам мигрант келеді, сондықтан да олардың есепке алынуын, мигранттардың еліміздің аумағынан келіп-кетуінің бәрін есепке алуға тиіспіз. Өйткені, кейбір мигранттар екі аптаға келеді. Мәселен, Қырғызстаннан транзитпен Қордайға келсе, сосын олар Петропавл арқылы Ресейге өтіп кетеді. Бұл да мигрант болып саналады», - деді Ш. Исмаилов. Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда тұрақты негізде жыл сайын Қырғызстаннан 50-90 мыңның арасында мигранттар келуде. Дегенмен, елімізде ең көп мигранттар Өзбекстаннан келгендер әрі олардың басым бөлігі тіркеусіз жүреді.

«Еңбек мигранттары арасында Тәжікстан азаматтарының саны да басым. Соңғы кезде Қазақстанға Украинадан да көшіп-қонушылар келе бастаған, сарапшылар бұны сол елдегі саяси жағдайлармен, ондағы еңбек нарығының төмендеуімен байланыстырады. Қазақстанға келетін мигранттар санының артуына елдегі саяси және экономикалық тұрақтылық септігін тигізіп отыр», - деді Ш. Исмаилов.

 

 

Соңғы жаңалықтар