Жыл сайын обырдан 13 мыңнан астам қазақстандық көз жұмады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде онкологиялық аурулар бойынша 205 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты.

«Қазіргі таңда Қазақстанда онкологиялық аурулар бойынша 205 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда.

Жыл сайын 37 мыңнан астам жаңа жағдай анықталады. Әйелдердің арасында аурушаңдық ерлермен салыстырғанда аздап жоғары. Бұл аурушаңдық құрылымында бірінші орында сүт безі обырының тұруымен түсіндіріледі. Еңбекке қабілетті адамдардың сырқаттануы 56% болып отыр», - деді министр.

Оның мәліметі бойынша, жыл сайын елде 13 мыңнан астам адам обырдан қайтыс болады.

«Аурушаңдықтың құрылымын қарасақ, 1-орында сүт безі обыры (13,2%), 2-орында өкпе обыры (10%), 3-орында колоректалдық обыр (9,3%) тұр.

Жыл сайын елде обырдан 13 мыңнан астам адам қайтыс болады. Өлім құрылымында бірінші орында өкпе обыры (16,3%), екінші орында - асқазан обыры (12%), үшінші орында - тоқ ішек обыры -10,6%)», - деді Ажар Ғиният.


Соңғы жаңалықтар
telegram