Жыл сайын перзентханаларда 277 мыңнан астам әйел босанады
АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов бала туу көрсеткіштерін мәлім етті.
«Соңғы жылдардағы бала туу көрсеткіші артты, жыл сайын біздің перзентханаларда 277 мыңнан астам әйел босанады. Яғни әр күн сайын перзентханаларда 1 мың 35 әйел нәрестелерін өмірге әкеледі»,-деді ол.