Жыл сайын жыландар дүниежүзі бойынша 5 млн. жуық адамды шағып, соның ішінде 100 мың адам көз жұмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Таяу жылдары Сахараның оңтүстігіне жақын жатқан елдерде тұратын оң мыңдаған адам жыландардың шағуына қарсы тиімді у қайтарғыш дәрінің болмауынан көз жұмуы мүмкін, деп хабарлады сейсенбі күні «Дәрігерлерде шекара жоқ» ұйымынан.

Жыл сайын жыландар дүниежүзі бойынша 5 млн. жуық адамды шағып, соның ішінде 100 мың адам көз жұмады

Жыланның 10 түрінің шағуын бейтараптандыратын Fav-Afrique ең әсерлі у қайтарғыш дәрінің соңғы партиясы 2016 жылдың маусым айында таусылады, ал бұл препаратты тең дәрежеде ауыстыратын дәрі жоқ.

Ос дәріні шығарушы Sanofi Pasteur фирмасы нарықтан әлдеқайда арзан және сапасы төмен у қайтарғыш дәрілерді шығару арқылы нарықтан ығыстырылғанын мәлімдеді.

Жыл сайын жыландар дүниежүзі бойынша 5 млн. жуық адамды шағады. Соның ішінде 100 мың адам көз жұмып, 400 мыңы өмір бойы мүгедек болып қалып отыр.