Жыл соңына дейін 2 мыңнан астам павлодарлық отбасы баспаналы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың соңына дейін Павлодар облысында 2 мыңнан астам отбасы пәтер кілтіне ие болады. 
None
None

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Облыстағы тұрғын үйлердің негізгі көлемі «Нұрлы жер» жаңа бағдарламасы аясында салынып жатыр. Ағымдағы жылы 230 мың шарты метр баспананы пайдалануға беру жоспарланған. 21 үй пайдалануға беріліп, 2192 отбасы жаңа пәтерлердің иесі атанады. Қазіргі уақытта «Сарыарқа» шағынауданын қарқынды салып жатырмыз. Бұл шағынауданда 8 үй пайдалануға беріледі. Мұнан бөлек, қосымша бөлінген қаражаттардың есебінен осы жылы облыста тағы 9 үйдің құрылысы басталады. Біз үшін «Достық» жаңа шағынауданының келешегі зор. Оны игеру келесі жылы басталады», - деді облыс басшысы.

Оның атап өтуінше, өңірде халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарына арналған жалдамалы үйлер де салынып жатыр. Құрылысы қолға алынған мұндай 4 көптерлі үйдің екеуінде биыл қоныс тойы тойланады.

«Ауылдық жерлердегі бюджеттік сала қызметкерлері үшін 16 пәтерлі жатақхана салынуда. Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жеке тұрғын үй құрылысын дамыту бойынша да жұмыстар жүргізілуде. Облыста келешегі ауқымды учаскелер анықталып, инженерлік инфрақұрылымдар тартылуда», - деді Болат Бақауов.

Соңғы жаңалықтар