Жыл соңына дейін АИ-92/93 маркаы бензинінің шекті бағасы көтерілмейді - ТМРА

Бұл туралы Үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңес барысында ТМРА басшысы Мұрат Оспанов ағымдағы жылдың соңына дейін АИ-92/93 маркалы бензиннің шекті бағасы артпайтынын мәлімдеді.
«Қазір мониторинг жүргізіліп жатыр және Мұнай және газ министрлігінің мәліметінше, баррель құны төмендеуде. Егер 30 күн бойы төмендеумен 5 АҚШ доллары көлемінде сақталса, нақты алғанда 92/93 бензинге баға 5 теңгеге төмендейді», - деп сендірді ол.
Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин де жылдың соңына дейін АИ-92/93 маркалы бензинге бағалардың артуына себеп жоқтығын нақтылады.
«ЖЖМ-ға бағаның тұрақтылығы мәселесі өте маңызды. Сіздер жаңа ағымдағы жылдың соңына дейін АИ 92/93 маркалы бензинге бағалар өспейтіндігін айттыңыздар. Сонымен бірге, келесі, 2014 жылы ЖЖМ бағасы қандай болатынын нақты түсінуіміз керек», - деп басып айтты С.Ахметов