Жыл соңына дейін Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры жобасына 150 адам жұмысқа тартылады

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры жобасына 150 адам жұмысқа тартылады.

Жыл соңына дейін Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры жобасына 150 адам жұмысқа тартылады

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті. Еске салсақ, жиын барысында палата депутаттары «Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қазақстан - Қытай» мұнай құбырын дамыту және пайдалану кезіндегі ынтымақтастықтың кейбір мәселелері туралы келісімді ратификациялау туралы» ҚР заңы қабылданған болатын.

«Бүгінгі таңда «Атырау - Кеңқияқ - Құмкөл - Атасу -Алашаңқай» бағытында 1 мыңға тарта адам тұрақты жұмыс істеуде. Ал жыл соңына дейін «Атасу - Алашаңқай» мұнай құбырында 2 жаңа мұнай айдау стансасы іске қосылады. Сонда бұл жобаға қосымша 150-ге жуық тұрақты жұмыс орнын құру жоспарланады. Жалпы жоба аясында 400-ге тарта тұрақты жұмыс орнын құру көзделіп отыр», - деді министр. Оның сөзіне қарағанда, құрылыстың алғашқы екі жылында 2 мыңға жуық уақытша жұмыс орындары да құрылмақ.