Жыл соңына дейін ауылдық жерлердің өзінде «Қазпошта» арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады - Әділет министрі

АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Жыл соңына дейін ауылдық жерлердің өзінде «Қазпошта» арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады.
None
None
Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында ҚР Әділет министрі Зағипа Бәлиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Бүгінгі күні республика бойынша 295 халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр. Бұл орталықтарда 7 миллионнан астам мемлекеттік қызметтер түрі көрсетілген. Өткен жылы еліміздің шалғайдағы 40 елді мекенінде жаңа типтік база негізінде «Қазпошта» АҚ жанынан 100 орталық ашылды. Яғни, шалғайдағы елді мекендер тұрғындары аудан орталықтарына бармай-ақ осы орталықтардың қызметін пайдалана алатын болды. Ағымдағы жылы бұндай қызметтің тағы 148 орталығын ашу жоспарлануда. Осылайша, пошта қызмет ететін кез-келген шалғайдағы елді мекенге «бір терезе» қағидаттарын енгізуге ұмтылып жатырмыз. Жыл соңына дейін ауылдық жерлердің өзінде «Қазпошта» арқылы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады», - деді З. Бәлиева. Министрдің айтуынша, ауылдық жерлерде ашылған осындай орталықтарда жедел-жылжымалы қосындар іске қосылып, аптаның белгіленген бір күнінде халыққа құжаттамалық реттеулер бойынша жүйелі қызметтер ұсынады. «Бүгінгі күні халыққа қызмет көрсету орталықтары 57 қызмет түрі бойынша жұмыс атқаруда. Оның ішінде 20 қызмет әділет органына қатысты болып табылады. Сонымен бірге, басқа мемлекеттік органдармен кезең-кезеңдер бойынша мемлекеттік қызметтерді алу туралы келіссөздер жүргізілуде. Осының нәтижесінде 2011 жылға қарай мемлекеттік реестрдегі қызмет түрінің басым бөлігі орталықтарға көшіріледі», -деді министр.
Соңғы жаңалықтар